Олжас Бектенов қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің ескертуіне барынша байыпты қарауға шақырдырынша байыпты қарауға шақырды

Олжас Бектенов қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің ескертуіне барынша байыпты қарауға шақырдырынша байыпты қарауға шақырды
0

Еліміздегі қазіргі су тасқыны жағдайы ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Тақырып бойынша экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация министрлері, ТЖ жөніндегі вице-министр және өңірлердің әкімдері баяндама жасады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Бауыржан Сыздықов министрлік су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып жатқанын айтты. Алғашқы сағаттан бастап ТЖМ бөлімшелерінің, әкімдіктердің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық Ұланның, ҚР ҰҚК күштері мен құралдары жұмылдырылды. Әрекет ету жедел, өзара іс-қимыл үйлесімді жүзеге асырылады.

Су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі: батыс өңірлерде судың шамалы төмендеуі байқалады, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейінің қарқынды өсуі байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 ТЖ жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. ТЖМ күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, көшірілді.

Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, қарттарды, әйелдер мен балаларды ТЖ аймақтарынан басым тәртіппен эвакуациялайды. Су тасқыны кезінде барлығы 15 мың 786 адам құтқарылды, оның ішінде 6 мың 187 кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала бар. Су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендерде су басудың алдын алу шаралары күшейтілді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өз кезегінде су тасқыны кезеңінің басында республикалық меншіктегі 94 су қоймасында тасқын суларды қабылдау және оларды өткізу үшін бос сыйымдылықтар құрылғанын хабарлады. 1 наурыздағы жағдай бойынша су қоймаларының орташа бос сыйымдылығы 60% құрады.

Премьер-министр қорғаныс министріне ТЖМ-ге техникалық көмек және жеке құрам түрінде барлық қажетті қолдауды көрсетуді тапсырды. Үкімет басшысы биылғы жылы су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де болып жатқанын атап өтті. Эвакуациялау жұмыстары тұрғындардың мұндай қажеттіліктің жоқтығына деген сенімділігімен қиындайды.

"Қазақстандықтардан әкімдіктер мен арнайы қызметтерді ескертуге өте байыпты қарауды, оларды тыңдауды және мәжбүрлі қолайсыздықтарды қабылдауды сұраймын. Бұл өмірді сақтауға мүмкіндік береді. Эвакуация сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған!",- деді премьер-министр.

Олжас Бектенов зардап шеккендердің ешқайсысы мемлекет тарапынан көмексіз қалмайтынын атап өтті.

Үкімет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді:

  • ТЖМ ҚМ және ЖАО-мен бірлесіп алдын ала эвакуациялауды жүргізе отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды құтқару жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
  • ТЖМ басқа да күш құрылымдарымен бірлесіп су басқан елді мекендерде уақтылы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жеткілікті күштер мен құралдар көлемін тартсын;
  • Әкімдіктер Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы су тасқынына ден қоюды ескере отырып, елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде су тасқынына жол бермеу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдасын.
  • ТЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп 2025-2029 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жоспарын әзірлесін;
  • Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, қаржы, көлік, құрылыс, су ресурстары министрліктері мен өңірлердің әкімдіктері дүлей залал көлемін бағалауды және зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетуді дереу бастасын.