Үкімет басшысы залалды өтеуге шұғыл кірісуді тапсырды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Ол қаржы министрлері ― Мәди Тақиевтің, өнеркәсіп және құрылыс министрлері ― Қанат Шарлапаевтың, өңірлердің әкімдерінің баяндамаларын тыңдады.
Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына 100 АЕК мөлшерінде жоғалған мүлік үшін біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Осы аптаның соңына дейін барлық зардап шеккендерге өтемақы төленеді.
Тұрғын үйінен айырылған адамдарға жаңа құрылыс салынады немесе жәбірленушінің өз таңдауымен нарықтағы дайын үйді сатып алады. Осыған ұқсас тетік, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз тұрғын үйі болса, саяжай үйлері бойынша қолданылады.
Жиналыста су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың қазіргі нәтижелері туралы баяндады. Мәселен, Павлодар облысында демеушілермен бірлесіп 119 үй бойынша залал өтелді және тұрғын үйге жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендерге Арқалық қаласында 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңгеге материалдық шығын өтелді, 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.
Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінгі таңда зардап шеккен үйлердің саны 9 627, оның ішінде жеке 9 610 және 17 көппәтерлі тұрғын үй. Техникалық тексеру нәтижелері бойынша 2 123 үй 1 067 үй қалпына келтірілмейтіні, ал 1 056 үй жөндеуді қажет ететіні анықталды. Зардап шеккен тұрғын үйлердің зақымдануын бағалау жұмыстары жалғасуда.
Үкімет басшысы бұл алдын ала деректер екенін және бірқатар өңірлерде жалғасып жатқан күрделі су тасқыны жағдайын ескере отырып, залал көлемі ұлғаюы мүмкін екенін атап өтті.
"Президент су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына барынша көмек көрсетуді басым міндет етіп қойды. Су азайып кеткен өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін қалыптастыруды аяқтап, оларды бағалап, залалды өтеуге шұғыл кірісуі керек. Комиссиялардың жұмысы жедел болуы керек, бюрократияға жол берілмейді. Барлық қажетті ресурстарды жұмылдырыңыз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Зардап шеккен өңірлердің әкімдіктеріне су басқан ғимараттарды техникалық тексеру бойынша жұмыстарды барынша қысқа мерзімде аяқтау, жауапты тұлғаларды жекелеген учаскелерге бекітіп беру және жобаларды жергілікті жерге байланыстыру үшін шұғыл түрде жаңа жер учаскелерін анықтау тапсырылды. Басымдықта премьер-министр даму үшін перспективалы және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген ықтимал су тасқынынан барынша қауіпсіз дайын учаскелерді пайдалануды белгіледі.