Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды

Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды

Мұндай мүліктің тізіміне: тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар, тамақ ішуге арналған жиһаз заттары, ұйықтауға арналған жиһаз заттары, азаматтарды ақпараттандыру құралдарының заттары, сумен жабдықтау және жылыту құралдарының заттары кіреді.

Бұл өтемақыны төлеуді жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан жүзеге асырады. 

Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленеді.