Түзеу мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде Ұлттық Домбыра күніне арналған ерекше мәдени іс-шара өтті. Мерекенің басты мақсаты — қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық аспабымыз — домбыраны дәріптеу, сондай-ақ сотталған азаматшаларға рухани тәрбие беру арқылы оң әлеуметтік орта қалыптастыру. Шараға 35 сотталған азаматша қатысып, олар қазақтың күй өнерінен үзінділер орындап, дәстүрлі әндер шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Домбыраның қоңыр үнімен өрілген бұл іс-шара қатысушылардың жан дүниесіне терең әсер етті. Күй шертудің қыр-сырын меңгерген әйелдер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақ мәдениетінің мол мұрасын тағы бір мәрте ұлықтады.