ӨҚБ
Басқарма өз құзыреті шегінде қылмыстық-атқару жүйесі саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлінісі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Жедел іздестіру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі – Министр), ҚАЖ комитеті төрағасының, Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының бұйрықтары мен нұсқауларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарма қызметі қызметкерлердің, мемлекеттік қызметшілердің, ҚАЖ органдары, мекемелері және ұйымдары жұмыскерлерінің (бұдан әрі – ҚАЖ персоналы) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады және заңдылық, құрмет көрсету және адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары принциптеріне негізделеді.
- Басқарма құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген штат санының лимиті шегінде Министр бекітеді.
- Басқарма:
1) басқарма бастығынан (1 бірлік);
2) басқарма бастығының орынбасарынан (1 бірлік);
3) аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілінен (3 бірлік);
4) аға жедел уәкілінен (3 бірлік) құрылады.
- Басқарма өзінің қызметін ҚАЖ комитетінің басқа да қызметтерімен, аумақтық бөліністермен және ұйымдармен тікелей және өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Басқарма Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментіне тікелей жедел бағынады.
Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
Міндеті: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ҚАЖ персоналының және олардың отбасы мүшелерінің ар-намысын, абыройын қорғау.