Құжат айналымы және өтініштерді бақылау тобы

Топ қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын ҚАЖ комитетінің  бөлімшесі болып табылады.

  1. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Топтың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.
  3. Топ:

1) бас сарапшыдан;

2) сарапшыдан;

3) сарапшыдан құрылады.

  1. ҚҚТ қызметі ағымдағы және перспективалық жоспарлау, қызметтік іс-әрекет мәселелерін шешудегі дара басшылық пен оларды талқылау кезіндегі алқалылық, қызметкерлердің өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісінше орындауы үшін дербес жауапкершілігі және ҚҚТ бас сарапшысының жеке тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.

 Топтың негізгі міндеттері

1. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында (бұдан әрі – ҚАЖ органдары) құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру

2. ҚАЖ органдарында құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру.

3. Құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағат ісі мәселелері бойынша ҚАЖ комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру-әдістемелік басқару, үйлестіру және бақылау.

4. Қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес номенклатуралық істерді ресімдеу мен қалыптастыруды бақылау.

5. Құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде енгізу.

6. Құжаттамалық қамтамасыз ету саласында ҚҚТ қызметкерлерінің дайындық деңгейін арттыру.