АСБ
Бөлім комитеттің Тіл және ақпараттық саясатын жүзеге асыратын ҚАЖ комитетінің дербес құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
Бөлім 4 шаттық бірліктен тұрады :
1) бас сарапшы;
2) бас сарапшы;
3) сарапшы;
4) сарапшы.
Міндеттері:
1) қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде (бұдан әрі-БАҚ) жария ету;
2) ҚАЖ комитетінің мемлекеттік тілде әзірленген құжаттарын тексеруді және олардың орыс тіліндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығын тексеруді қамтамасыз ету.