ТҚБ

  1. Басқарма ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлінісі болып табылады, өз құзыреті шегінде ҚАЖ саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
  4. Басқарма:

1) басқарма бастығынан (1 бірлік);

2) басқарма бастығының орынбасарынан (1 бірлік);

3) бас маманнан (3 бірлік);

4) аға инспектордан (1 бірлік);

5) бас сарапшыдан (2 бірлік);

6) сарапшыдан (7 бірлік) құрылады.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
  2. Міндеті: ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін, әскери және арнайы жабдықталуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • қылмыстық-атқару жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру және орындалуын бақылау бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларының сақталуы ақпаратын есепке алу, жинақтау және жалпылауды жүзеге асыру;

3) ҚАЖ комитеті басқармаларының материалдық-техникалық құралдарды сатып алу бойынша конкурс жүргізу саласында техникалық шарттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді. Келісімшарт жасаған күннен бастап Қазақстан Республикасының ҚАЖ әскери және арнайы жабдықтау қоймаларына жеткізілетін мүліктердің түсуіне және олардың сапасына бақылау жүргізеді;

4) Белгіленген мерзімде нормативтік актілерге сәйкес ҚАЖ мекемелерінің есебінде тұрған арттехқару-жарақты түгендеу жөнінде есептерді құрастырады;

  1. Міндеті: жаңа ТМ салуды, ҚАЖ мекемелерінің ғимараттары мен құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ведомстволық бағынысты ҚАЖ бөліністерінің қызметіне құрылыс, қалпына келтіру және күрделі жөндеу мәселелері бойынша басшылық жасауды жүзеге асыру;

2) ҚАЖ объектілері бойынша ЖСҚ әзірлеуге ақшалай қаражат бөлу үшін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне ТЭН ұсыну;

3) Мердігерлік ұйымның құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауын бақылауды жүзеге асыру, белгіленген тәртіппен ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ, материалдарды жұмсау нормаларының және бағалардың негізінде орындалған жұмыстардың көлемін растау;

4) Белгіленген мерзімде тиісті инстанцияларға күрделі құрылыс бойынша жедел, статистикалық есептілікті ұсыну;

5) Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияны ұйымдастыру және өткізу, мемкомиссияның актілерін ресімдейді.

  1. Міндеті: ҚАЖ мекемелерін материалдық-тұрмыстық және техникалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ҚАЖ комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру;

2) ҚАЖ комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты жинау және қорыту;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде ҚАЖ мекемелері үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

  1. Міндеті: ҚАЖ комитеті орталық аппаратының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ҚАЖ комитеті ғимаратының сақталуы мен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды  ұйымдастыру;

2) Қызметкерлердің материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

3) ҚАЖ комитетінің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық ресурстарды ұтымды бөлуді қамтамасыз ету. 

  1. Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) ҚАЖ комитеті Басқарманың қызметіне қатысты мәселер бойынша өткізетін отырыстардың жұмысына қатысуға;

2) мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

3) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және әзірлеуге қатысуға;

4) белгіленген тәртіпке сәйкес Басқарманың қызметіне қатысты мәселелер бойынша ҚАЖ органдарының қызметіне тексеру жүргізуге;

5) Басқарманың қызметіне қатысты мәселелер бойынша инспекторлық, кешенді және өзге де тексерістерге қатысуға;

6) белгіленген тәртіппен Басшылықтың нұсқауы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін тылдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тартуға;

7) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізуге;

8) басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Міндеттері:

  • тылдық қамтамасыз ету желісі бойынша талдамалық және басқа да деректердің уақтылы ұсынылуын бақылау;
  • ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуін жетілдіруге бағытталған қызметті жүзеге асыру;
  • Басқарманың қызметіне қатысты мәселер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қабылданған шешімдер туралы өтініш берушілерге хабарлау;
  • Басқарманың қызметіне қатысты мәселелер бойынша ҚАЖ комитеті бөліністерінің (мекемелерінің, органдары мен ұйымдарының) қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асыру.