АЕАБ

Бөлім  ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлінісі болып табылады, өзінің құзіреті шегінде ҚАЖ саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

  1. 2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
  3. Бөлім:

         1) бөлім бастығынан (1 бірлік);

         2) бас маманнан (4 бірлік);

         3) аға инспектордан (1 бірлік) құрылады. 

 Міндеті: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ) және түзеу мекемелерінде (бұдан әрі - ТМ) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды орналастыруды ұйымдастыру.