САТӘПЖБ

Міндеті:

  1. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталғандарға тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық және қоғамдық ықпал ету мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік жұмысты және сотталғандарды түзету процесін психологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

  1. Қылмыстық-атқару жүйесінде ұсталатын адамдармен тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық процесті ұйымдастыру және жоспарлау;

  2. Сотталғандарды түзету мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін адамгершілік, құқықтық, еңбек, дене шынықтыру және тәрбиелік жұмыстың басқа да нысандарын қолдануды ұйымдастыру;

  3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен олардың түзелуіне, қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын қалыптастыруға, заңдардың және қоғамда қабылданған өзге де мінез-құлық қағидаларының талаптарын сақтауына, сондай-ақ сотталғандардың білімін, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға және одан әрі дамытуға бағытталған тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты жүргізуді үйлестіру;

  4. Сотталғандарды түзетудің тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық әдістемелерін қолдану нысандарына қатысты әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу;

  5. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша басқа да ведомстволармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;

  6. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары мен мекемелеріндегі тәрбие қызметтерінің қызметін бақылау және үйлестіру;

  7. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру;

  8. Басқарма қызметінің бағыттары бойынша ақпарат пен статистикалық деректерді жинау және талдау;

  9. Аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің қызметін объективті көрсетуді қамтамасыз ететін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бағыты бойынша есептілік нысандары мен бағалау критерийлерін әзірлеу және олардың уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру;

  10. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық бөлімшелерінің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бағыты бойынша қызметіне кешенді іссапарлар, инспекторлық, бақылау және нысаналы тексерулер жүргізуге қатысу;

  11. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Ішкі істер министрлігінің басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.