Қазақстандық делегация мен Еуропалық Одақ өкілдері отырыстар өткізді

Қазақстандық делегация мен Еуропалық Одақ өкілдері отырыстар өткізді

2025 жылғы 6-7 наурызда Брюссельде Қазақстан РеспубликасыЕуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалогы мен Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің кезекті отырыстары өтті

Қазақстандық тараптан бұл отырыстарға Бас прокуратура, Конституциялық сот, Сот әкімшілігіҰлттық қауіпсіздік комитетіСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржылық мониторинг агенттіктері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықСыртқы істерЕңбек және халықты әлеуметтік қорғауМәдениет және ақпаратДенсаулық сақтауІшкіістерҰлттық экономика, ӘділетЦифрлықдаму, сондай-ақ Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысты

Қазақстандық делегацияның басшысы – ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев аталған іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өттіөйткені адамның өміріоның құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының басты құндылығы

Іс-шаралар барысында Ғ. Қойгелдиев Қазақстан Республикасында демократияны нығайту және адам құқықтарын қорғаусондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелеріндегі реформалар туралы айтты

Тараптар әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтауазаматтық қоғамды дамытуазаптаудың алдын алузаңсыз көші-қон, терроризм, есірткі қылмысыкөлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот-құқықтық реформалар және Қазақстанның еуропалық конвенцияларға қосылуы мәселелерін талқылады

Сонымен қатарқауымдастықтар бостандығысөз сөйлеу бостандығыдіни сенім және бейбіт жиналыстардың еркіндігі жөнінде пікір алмасты

Отырыстардың қорытындысы бойыншаТараптар бірлескен қызметтің келесі қадамдарын белгіледісондай-ақ тиісті Хаттамаға қол қойды

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі