«Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы ашық жарияланымда
2025 жылғы 28 ақпанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15468484) (бұдан әрі – бұйрық жобасы) орналастырылды.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 156-VIII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Бұйрық жобасы бойынша прокуратура органдары жүйесінде конкурс негізінде ауыстырылатын басшылық лауазымдар тізбесіне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу арқылы тағайындалатын және босатылатын лауазымдарды қоспағанда, барлық басшы лауазымдар кіреді.
Конкурс кезеңі ретінде қосымша полиграфологиялық зерттеу енгізілді. Сонымен конкурстық іріктеу кандидаттарды прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) қарау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұйрық жобасы қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі