Бас прокуратурада KAZGUU студенттерімен кездесу туралы

Бас прокуратурада KAZGUU студенттерімен кездесу туралы

Бас прокуратурада М. Нәрікбаев атындағы университетінің «Омбудсмендер клубы» студенттік мүшелерімен және KAZGUU конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры заң ғылымдардың докторы, профессор И. У. Әубәкіровамен кездесу өтті.

Студенттер прокурорлардың жұмысымен және қызметке орналасу тәртібімен танысты, сондай-ақ оларға прокуратураның функциялары мен миссиясы туралы айтылды. 

Олардын алдында Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы А. Қ. Әнуар сөз сөйлеп, прокуратура органдарындағы жұмыстың ерекшеліктері, отансүйгіштік және Отан игілігі үшін қызмет ету туралы айтып берді.

Ол сондай-ақ жақында Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған Бас прокуратураның жас қызметкері туралы айтты.

Әңгіме Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің тәжірибелі өкілдерінің қатысуымен ашық диалог форматында өтті. Студенттердің сұрақтарына жауаптар оларға прокурордың кәсібіне тереңірек және нақты мысалдармен қарауға мүмкіндік берді.

Қонақтарды түрлі сұрақтар, соның ішінде азаматтық қоғамның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, қылмыстық заңнама, қылмыстың алдын алу мәселелері қызықтырды, оларға толық жауаптар берілді.

Студенттер кездесуді ұйымдастырғаны үшін зор алғыстарын білдіріп, Бас прокуратура мұражайының тілектер кітабына өз пікірлерін қалдырды.

  Бас прокуратураның баспасөз қызметі