Бизнестің жүйелі мәселелерін шешу

Заңға бағынатын бизнесті қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі маңызды бөлігі.

Жоғары қадағалау бағыттарының бірі бизнестің жүйелі мәселелерін тиімді шешу болып табылады.

Кәсіпкерлердің тиісті тізілімі «Атамекен» ҰКП сайтында қалыптастырылады және үнемі жаңартылып отырады.

«Атамекен» палатасымен екіжақты келісім шеңберінде ағымдағы жылы прокурорлардың көмегімен бизнес субъектілері үшін сезімтал 42 өңірлік мәселе шешілді.

Олардың қатарында кәсіпкерлермен әкімдіктің жер учаскелерін жалға алу шарттарын заңнамаға сәйкес келтіру, бөлшек сауда үшін орындарды анықтау, кәсіпкерлерге газды жоғары бағамен сату тәжірибесін тоқтату, заңсыз мониторингтер мен тексерулер жүргізу және т.б. бар.

Қажет болған жағдайда Бас прокуратура орталық мемлекеттік органдар мен Үкімет деңгейінде шаралар қабылдайды.

Мысалы, прокурорлар заңнаманың жетілмегендігіне байланысты бірдей қоғамдық тамақтану орындарында (мектеп асханаларында) жалдау ақысының әртүрлі есептеулері қолданылғанын анықтады.

Бас қадағалау органының араласуынан кейін Ұлттық экономика министрі мемлекеттік мүлікті жалдауға беру қағидаларына өзгерістер енгізді.

А.ж. қыркүйек айынан бастап мектеп асханаларының үй-жайлары үшін жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеудің бірыңғай тәжірибесі қолданылуда.

Сондай-ақ Бас прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде республика бойынша келесі практика:

- дара кәсіпкерлерге қатысты салықтық бұйрықтарды негізсіз шығару (осындай 21 мың құжаттың күші жойылды);

- бизнес субъектілерінен сыртқы жарнама ретінде маңдайшалар үшін салық төлемдерін заңсыз алу (800-ге жуық бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалған);

- «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет» жобасы шеңберінде заңсыз салықтық тексерулер (заңсыз қозғалған 1260 қаулының күші жойылды) жүргізу тоқтатылды.

Шешілген проблемалық жағдайлардың басқа да мысалдары бар.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда және ол Бас прокуратура басшылығының бақылауында.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының бизнесті және инвесторларды қорғау жөніндегі Call-орталықтарына жүгіну қажет екенін еске саламыз (телефон нөмірлер прокуратуралардың сайттарында көрсетілген).

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі