БАҚ РЕДАКЦИЯЛАРЫНА. 2017 ЖЫЛҒА ТІРКЕУ ЖӨНІНДЕ

азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы №138 бұйрығымен бекітілген Журналисттерді аккредиттеу қағидаларына сәйкес (одан әрі - Кағида) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының баспасөз-қызметі 2017 жылға журналистерді тіркеуді бастайды.
Осыған байланысты 2017 жылдың 10-қаңтарына дейін ҚР Бас Прокурорының Аппараты Басшысының орынбасары Н. Ораздың атына (7172595@prokuror.kz) жазбаша өтініштеріңізді Қағида қосымшасына сай жолдауларыңызды сұраймыз (тіркемеде).
Аккредиттеу туралы өтінішке:
1. БАҚ өкілінің жеке куәлік мәліметтері;
2. Мерзімдік баспасөз бен ақпарат агенттігінің немесе теле-радиоарнаның жаппай ақпарат тарату жайында бұқаралық ақпарат құралы мен телерадиотарату жайындағы есепке тұрғандығы жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
3. Тіркеу үшін (3х4 см) түрлі-түсті сурет қажет.
Болашақта аккредитеттеу ұсынысын қосымшада көрсетілген кестеге сәйкес жолдауды сұраймыз (№2 қосымша).
Мекенжайымыз: Астана қ., 010000, Мәңгілік ел, 14 үй,
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
эл.мекенжай: . 7172595@prokuror.kz
тел.: (7172) 71 26 30, 71 27 66
БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ