«Әскери прокуратура органдары прокурорларының кәсіптік деңгейін арттыруын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасы ашық қол жетімді
2023 жылдың 27 шілдесінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Әскери прокуратура органдары прокурорларының кәсіптік деңгейін арттыруын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Қағидалар) орналастырылды. (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14646381)
Қағидалар әскери прокуратура органдары прокурорларының кәсіби біліктілігін арттыруды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін регламенттейді.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі