Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында Бас прокуратураның қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы аумақты тазалауға (Тұран даңғылынан Сауран көшесіне дейін) екі жүзге жуық прокурор шықты.

Қадағалау органының басшысы Берік Асылов сенбілікке жұмыс екпінін беріп, мұндай акцияларды өткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Әр адам туған қаласына, оның көшелеріне құрметпен қарауды өзінен бастау керек. Қоршаған ортаны қорғау – біздің ортақ міндетіміз», - деді Бас Прокурор.

Еске сала кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын елордадағы тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады. 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі