«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 3 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық
деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6714624) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.
Жалпы, өзгерістер Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін және
қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын, ақпараттық есепке алу құжаттары қалыптастыруды жүргізуді жақсартуға бағытталды.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.