А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілуде

Ахмет Байтұрсынұлы

Бас прокуратура Мемлекет басшысының Жарлығына (19.07.2021ж. № 624) сәйкес ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлауда.

Прокуратура органдарында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін арттыру, сондай-ақ ұлт ұстазының шығармашылығын насихаттау шараларын қолдау мақсатында «Ахмет – ұлт ұстазы» конкурсы (Инстаграм, Байтұрсынұлы150жыл#) жарияланды.

А.Байтұрсынұлы саналы ғұмырын – қазақ елінің жақсы өмірі мен жарқын болашағына арнаған тұлға. Осы мақсатта ол ағартушы да, саясаткер де, ғалым да, іскер де бола білді.

Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға сәйкес келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі, әрі ұйымдастырушысы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелерін көтерген.

Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы туралы бейне және жазба ақпараттармен таныса аласыздар:

нақыл сөздер

шығармашылығы;

өлеңдері;

ескерткіштері.

Басталу уақыты

22 тамыз 2022

Соңғы күні

29 қыркүйек 2022

Оқиға түрі

Басқа