Құрылым
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі аудит басқармасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі - Заң) 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, қолданыстағы заңнама талаптарына, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №25 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының регламентіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарманың құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) бұйрығының негізінде бекітеді.
Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі осы Ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және оларды Бас Прокурор бұйрығының негізінде бекітеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Киберқауіпсіздік басқармасы
Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының актілерін, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік құпияларды қорғау Басқармасы Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Прокуратура туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі басқармасы туралы Ережені басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Шаруашылық басқармасы
Мемлекеттік мекеме - «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңды тұлға мәртебесі бар аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өзінің атынан қатысады.
Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Басқарманың мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы
Мемлекеттік мекеме - «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңды тұлға мәртебесі бар аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өзінің атынан қатысады.
Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Басқарманың мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуына құқығы бар.
Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Басқарма басшысы:
Изимов Мэлсбек ОмарұлыТелефон:
+7 (7172) 71-27-07Электрондық пошта:
7006406@prokuror.gov.kz