Жиі қойылатын сұрақтар
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 76 бапқа сәйкес жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімін әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 76 бапқа сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 63 бапқа сәйкес жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
«eOtinish» АЖ Сіз өз өтінішіңіздің мәртебесін «Жеке кабинет» сервистен тексере аласыз.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 91 бапқа сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 64 бапқа сәйкес жолданым келіп түскен күні тіркеледі. Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Мұрағаттық анықтаманы алу үшін ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталына жазбаша өтініш беру қажет.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан Комитетке жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.
Сіз Испания аумағындағы сізге жақын орналасқан консульдікке не дипломатиялық өкілдікке жүгіне аласыз.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 810, 811-баптарына сәйкес:
- Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кезде осы Кодекстің 804 немесе 805-баптарында аталған уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.
Хаттаманы жасаған уәкілетті тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен тұлғаға табыс етеді.
- Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамның айыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.
Айыппұлды онлайн режимде 2 мемлекеттік ресурста төлеуге болады.
1. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде, басты беттегі «Өз айыппұлдарын туралы білу» бөлімінде, одан кейін ЖСН-ді және жеке куәліктің нөмірін енгізу керек. Келесі парақшадан айыппұл туралы ақпаратты көре аласыз, ал егер ол төленбеген болса «Төлеу» тетігі қолжетімді болып тұрады. Одан әрі банктік картаның деректерін енгізіп, стандартты схема бойынша төлем жасайсыз.
2. «egov.kz «Электронды үкімет» порталында, «Көлік және коммуникациялар» бөліміне өтіп, «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу» қызметін таңдайсыз.
Аталған қызмет түріне өту арқылы «Әкімшілік айыппұлдар» бөлімшесін таңдайсыз. Егер сіздің атыңызда айыппұл бар болса, оны төлеу мүмкіндіктері қарастырылған ақпарат шығады («Әрі қарай» тетігін басыңыз).
БІРАҚ: egov.kz-тен айыппұлдарды көру үшін міндетті түрде ЭЦҚ болуы керек. ЭЦҚ-ны авторизациядан өткізу талап етіледі. Осылайша, өзіңіз туралы ақпаратты біле аласыз (басқа ЖСН-ді көрсету мүмкін емес).
Бұдан бөлек, айыппұлды банктер мен онлайн-банкинг ресурстары арқылы төлеуге де болады.
Төмендегі банктердің кассалық бөлімдері арқылы айыппұлдарды төлеуге болады:
1. «Kaspi Bank» АҚ
2. «Халық Банк» АҚ
3. «Жусан Банк» (Цеснабанк АҚ) АҚ
4. «ForteBank» АҚ
5. «Capital Bank Kazakhstan» АҚ
6. «Евразиялық банк» АҚ
7. «Сбербанк» ЕБ АҚ
8. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ
9. «АТФ банк» АҚ
10. «Банк ВТБ (Казахстан)» ЕБ АҚ
11. «Банк Центр Кредит» АҚ
12. «Альфа-банк» ЕБ АҚ
13. «Дочерний Банк «Казахстан-Зираат Интернешнл Банк» АҚ
14. «Нұрбанк» АҚ
15. «Altyn Bank» (ДБ China Citic Bank Corporation Ltd) АҚ
16. «Тенгри банк» АҚ
17. «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
18. «Исламский Банк «Al hilal» АҚ
19. «Қазпошта» АҚ