Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруМұндай жағдайда түбіртекті мемлекеттік органға ұсыну қажет, айыппұл салған қызметкерлер айыппұлдың төленгені туралы мәліметтерді енгізеді.
Ол бойынша Сіз тікелей әкімшілік жаза қолданған органға немесе электрондық хаттамалар мен нұсқамаларды qamqor.gov.kz порталында СМС-растау тетігін қолдану арқылы «Өз айыппұлдарың туралы біл» бөлігінде ала аласыз.
Ол үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер» терезесінде «Басып шығару» опциясын таңдау қажет. Әрі қарай egov.kz сайтындағы «Электрондық үкімет» мобильді азаматтар базасында тіркелген сіздің нөміріңізге растау коды бар SMS келеді. Сәтті расталған жағдайда қажетті файлдарды қарау және жүктеу мүмкіндігі пайда болады (фототіркеу бойынша).
Мұрағаттық анықтаманы алу үшін ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталына жазбаша өтініш беру қажет.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда туыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан Комитетке жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.