Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Қызметі:
1) Мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру;
2) құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, жүргізу және өңдеу;
3) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу;
4) құқықтық статистика мәселелері бойынша статистикалық байқаулар жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының Заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Комитет төрағасының нормативтік құқықтық актілерін бұзушылықтарды, оның ішінде қылмыстар туралы өтініштерді қабылдау, тіркеу және есепке алу туралы заңнаманың қолданылуын, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі ведомстволық комиссиялардың жұмысын анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асыру;;
6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
7) тиісті мемлекеттік қызметтер көрсету;
8) бірыңғай мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені құру, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу салаларының кешенін дамыту, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;
9) өңірлік деңгейде Қазақстан Республикасы заңнамасының, қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын статистикалық сүйемелдеу, қалыптастырылатын автоматтандырылған деректер банктеріндегі арнайы есепке алу мәліметтерінің толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;
10) өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін кешенді талдау мен болжауды жетілдіру, қоғамдағы құқықтық құбылыстардың кешенді мониторингі жүйесін құру;
11) құқықтық статистикалық деректер мен мәліметтерді жариялау және тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;
12) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында үздіксіз кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қолда бар халықаралық тәжірибені зерделеу;
14) қалыптастырылатын статистикалық деректердің тұтастығын, анықтығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
16) басқарма өкілдеріне есептік, статистикалық, ақпараттық, талдау және қадағалау қызметін жүзеге асыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
17) комитеттің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының имидждік бағдарламасы мен Медиа-жоспарларын іске асыру шеңберінде, атап айтқанда, азаматтардың және шағын және орта бизнес субъектілерінің конституциялық құқықтарын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі оның рөлін жариялау мәселелерінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру, Комитет қызметіне қатысты жарияланатын ақпаратты қадағалау және талдау;
18) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны жүйелеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
19) есепке алу және есеп беру құжаттамасын автоматтандырылған өңдеуді ұйымдастыру мен дамытуды қамтамасыз ету, сапаны жақсарту және оларды өңдеу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізу;
20) комитеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін дамыту, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
21) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерді тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу;
22)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.