GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Logo of the Ministry of internal Affairs of the Republic of Kazakhstan
Меню
Страницы
Press Room
Contacts
About the Committee
Documents
Activity
Feedback
Documents
Press Room
Contacts
Feedback
Все материалы
Administrative police
16 мая 2019
ІІМ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН 17-18 МАМЫРДА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Ағымдағы жылғы 17-18 мамыр күндері республика аумағында «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өткізіледі.

Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындарға қызықтырған сұрақтары бойынша жауап береді.

Акция кезінде азаматтар өздерінің кезекті мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады.

Бұған қоса, телефон байланысының «қызу желісі» ұйымдастырылды. Осы байланыс желісі бойынша жол қауіпсіздігі және көші-қон қызметіне қатысты мәселелерге жауап алуға болады.

Аталған іс-шараның өткізілетін орны және «қызу желінің» телефон нөмірлерін «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН, сілтемесі бойынша ІІМ-нің ресми порталынан және полиция департаменттерінің порталдарынан, сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефондарынан білуге болады.

Бұрын мұндай акция республика бойынша ағымдағы жылғы 5-6 сәуірде өткен болатын. Жолдарда 250 жедел қабылдау пункттері жұмыс істеді. Акцияның екі күні ішінде «Жолда қабылдау» пункттеріне 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

ІІМ-нің бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдаудың» азаматтарға қажеттілігі іс жүзінде көрінді. Бұл акция тұрғындармен байланыс жасаудың жаңа моделіне көшудің бір бағыты болып табылады.

Осыған байланысты, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлік ішкі істер органдары азаматтарды жедел қабылдауды ай сайын жүргізеді.


Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі

 

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты