Железин ауданының әкімдігінің елтаңбасы

Меню

Страницы

Статья

«Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мынадай мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары): «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал).

            Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттар қажет: Бірінші кезең: 1)  көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

 

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

2) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабының                              5-тармағына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджет кірісіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

 

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары): 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

            «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»

            бірінші кезең:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.

Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

 

 

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

порталға жүгінген кезде:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушы ауылдық округ әкімдігіне жүгінген кезде құжаттардың түпнұсқаларын (сәйкестендіру үшін) және көшірмелерін ұсынады. Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері әкімдік ғимаратының ақпараттық стендінде орналастырылған.

Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
15 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
13 октября 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы