Жалпы ақпарат

Шайхимов Айтуған Абылайұлы
Павлодар облысы Железин ауданының әкімі
Әкімдік туралы
«Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы-өкімдік орган болып табылады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Функционалдылыққа мыналар кіреді:
- Президент саясатын іске асыру бойынша жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламаларының қолданылуын, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік және салалық, сондай-ақ облыстық және аудандық бағдарламалардың, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын үйлестіреді.
- Облыстық атқарушы органдармен және аудандық мәслихатпен өзара қарым-қатынас.
- Жергілікті атқарушы органдардың кадрлық мәселелері.
- Аймақ аралық ынтымақтастық мәселелері, инвестицияларды тарту, табиғи ресурстарды пайдалану.
- Бюджеттік саясатты және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қалыптастыру.
- Аудандық сотпен, прокуратурамен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесімен, ауданның ішкі істер бөлімімен, ауданның Әділет басқармасымен және ауданның қорғаныс істері бөлімімен өзара қарым-қатынас.