«Еңбек дауларын алдын алу және соттан тыс реттеу институттарын дамыту мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел

Павлодар облысы Железин аудандық сотында «Еңбек дауларын алдын алу және соттан тыс реттеу институттарын дамыту  мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.

Шарада Желези аудандық сотының судьясы А.Бесеева, «Железин аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы»  қоғамдық ұйымының филиалының төрайымы Ш.Нургалиева, білім беру бөлімінің кадрлар жөніндегі бас маман Д.Тенизова, Железин ОАА кәсіподақ  ұйымының төрайымы Д.Хаербаева және «Билер Кеңесінің» мүшесі Л.Камкова қатысты.

Судья А.Бесеева шара барысында, еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру рәсімдердің маңыздылығын, қоғамдық келісімді сақтау және еңбек шартты тиісті рәсімдеу жөнінде назар аударды.

Сонымен қатар, еңбек келісіміне дауды медиатордың қатысуымен реттеу шартын енгізуге мүмкіншілік сұрақтары талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарды әзірледі.

 

Железин аудандық сотының

баспасөз қызметі

Жарияланған күні

14 тамыз 2020

Жаңарту күні

14 тамыз 2020