Лесной ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылаудың қорытындысы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты тұлғасында жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетті:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
4.«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
2023 жылы «Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен «Е-лицензиялау» жүйесінде «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» бір мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 128 мемлекеттік қызмет алынды.
Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараты бар стенд орналастырылған. Аудандық газеттерде мақалалар жариялау арқылы, сондай-ақ «Инстаграм» әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтер бойынша баннер бар.
Округ тұрғындары арасында көрсетілетін қызметтер мен оларды алу тәсілдері туралы парақшалар үнемі таратылып отырды, осылайша есепті кезеңде округтің әлеуметтік объектілері мен дүкендерінде 116 парақша орналастырылды және табыс етілді.
Ауылдық округ әкімдігі Железин ауданы әкімінің аппаратына есептерді уақтылы тапсырады
«Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-да мемлекеттік қызметті жетекші маман көрсетеді. Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
4
23 ақпан 2024 17:31
23 ақпан 2024