Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 308/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 308/10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30865 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

Көрсетілген қаулымен бекітілген Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Аудан әкімі

 

     А. Шайхимов

Жарияланған күні

23 шілде 2026 22:34

Жаңарту күні

23 шілде 2026