Құрылым

Өңірлік психологиялық қолдау орталығы

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау орталығы» КММ Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы «17» шілдедегі №168/2 қаулысына сәйкес құрылды

Мекеме қызметінің мәні мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру) білім беру саласында туындайтын сұрақтар мен мәселелер бойынша балалар мен ересектерге көмек көрсету болып табылады.

Толығырақ

М.Катаев атындағы оқушылар сарайы

Қызмет түрі:мемлекет, қоғам, тұлғаның мүддесі үшін қосымша білім беру қызметін іске асыру, балалардың шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау.

 

Толығырақ

"Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Мемлекеттік мекеме «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы «19» шілдедегі № 209/4 қаулысына сәйкес құрылған.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Павлодар облысы білім беру ұйымдарының дарынды балаларын анықтау, дамыту және қолдауына жағдай жасау, зияткерлік іс-әрекеттің әрбір түрінде қабілеттерінің жоғары деңгейін немесе жеке пәндер (дисциплиналар)  бойынша ерекше дарындылығын танытқан оқушыларды оқыту болып табылады.

 

Толығырақ

Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы негізінде 2012 жылғы тамыз айында құрылды.
Қызметтің мақсаты: білім беруді жаңарту жағдайында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын меңгеру мен енгізуде инновациялық үдерістер мен әдістемелік көмекті қамтамасыз ету және жүзеге асыру.

Толығырақ

«Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ

Мемлекеттік  мекеме қызметінің  мәні заманауи  ақпараттық және коммуникациялық  технологиялар  базасында Павлодар облысының  мемлекеттік білім беру ұйымдарында   бірыңғай ақпараттық жүйені құру болып табылады.

Толығырақ