Ағымдағы жылдың наурыз айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа отырысы болды. Өткен жылдардағы жұмыстар қорытындыланып, алда атқарылатын міндеттер нақтыланған басқосуда Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы және Премьер-Министрдің тікелей басшылығындағы экономика салаларын, мемлекеттік басқаруды цифрландыру бойынша маңызды міндеттер қарастырылды.