Жалпы ақпарат

"Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы
Бөлім туралы
Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ішкі саясат саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлімнің жұмысы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын дамытуға, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік жастар саясатын және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.
Бөлім қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және қаланың құрметті азаматтарымен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылады.
Бөлімге ведомстволық бағынысты ұйымдар:
- «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Көкшетау қалалық филиалы
- «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ
Біздің сайтқа қош келдіңіз! Біз сындарлы диалогқа әрдайым ашықпыз және кері байланысқа әрқашан қуаныштымыз. Мұнда сіз бөлімнің қызметімен танысып, өзекті ақпарат алып, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.