Меню

Страницы

Статья

Small and medium-sized businesses

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Саран қаласының аумағында 2604 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2356 ШОБ субъектілері нақты жұмыс жасайтындары, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың 150 бірлікке немесе 6,8% - ға артқанын көрсетіп отыр.

2021 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 2700,9 млн. теңгеге 22 жоба мақұлданды, оның ішінде 725,54 млн. теңге сомаға 6 жоба субсидияланды, жалпы кепілдік сомасы 478,1 млн. теңгеге 7 жоба кепілдендірілді, жалпы сомасы 65,2 млн. теңгеге 7 микрокредит берілді, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу үшін 1432,1 млн. теңге сомаға 2 жоба мақұлданды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы микрокредит беру бойынша 9,3 млн. теңге сомасына 2 жоба мақұлданды.

«Қарапайым заттар экономикасы» кредиттеу бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы жалпы сомасы 28 млн. теңгеге 1 жоба қолдау алды.

Әлеуетті және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін бөлім «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдерімен, Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалымен, Саран қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, 2021 жылы онлайн режимінде 8 жиналыс пен семинарлар өткізді.

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип
Directions

Сейчас читают

Directions
13 февраля 2024
Agro-industrial complex
Information
04 апреля 2023
Notification
Information
03 апреля 2023
Tourism

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты