ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№62 арнайы балабақшасы»

ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ ( сөйлеу қабілеті бұзылған және ауыр сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеудің ауыр бұзылысы) балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы болып табылады. Негізгі қызметі – сөйлеу тілі жалпы дамымауы бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және сөйлеу бұзылыстарын түзету, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа заманауи сапасына қол жеткізу, балаларды жалпы білім беретін мектепке даярлау.  Біздің мекеменің мақсаты: сөйлеу қабілеті бұзылған (сөйлеудің ауыр бұзылысы) балалардың арнайы түзете ұйымдастырылған іс-әрекетін қамтамасыз ету; мектеп жасына дейінгі балалардың өмірін қорғауға және денсаулығын нығайтуға жағдай жасайтын пәндік-кеңістіктік ортаны құру.

Басты міндеттері:
• мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің сөйлеуін түзету, дислексия мен дисграфияның алдын алу, оларды мектепте сәтті әлеуметтендіруге жағдай жасау;

  • Қазақстан Республикасының білім беру және тәрбиелеу (МЖМБС) стандарттарын орындау;
  • Баланың психофизикалық дамуын, жеке мүмкіндіктері мен бейімділіктерін ескере отырып, оның тұлғасын қалыптастыру үшін кешенді жағдайлар жасау.
  • Түзете-дамыту, оқу-тәрбие және оқу-сауықтыру бағдарламаларын іске асыру;
  • Балаларды жалпы білім беретін мектепте оқуға сапалы даярлау үшін түзету-оқыту іс-әрекетіне инновациялық технологияларды, іс-әрекеттік типтегі технологияларды енгізу;
  • Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда біліктілік тұрғыны іске асыру;

• Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.