ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 кешкі мектебі»КММ
Мектеп өзінің қызметінде жалпы орта білім беретін мектеп жарғысы мен кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп туралы ережені және төмендегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 127-бабына сәйкес міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім отыз жасқа дейінгі оқушыларға және 30 жастан асқан адамдарға олардың қалауы бойынша беріледі.
Мектептің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
Мектептің негізгі мақсаты мен міндеттері:
1) жасы отызға жетпеген сотталғандардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді міндетті алуы;
2) отыз жастан асқан сотталғандардың қалауы бойынша жалпы орта білім алуы.
Мектепке негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар білім туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Қабылдау түзеу мекемесінің басшысымен келісілген мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.
Сыныптарды толықтыру оқу жылы бойы жүргізіледі.
Білім алушылардың міндеттері мектеп жарғысымен және түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне:
- 1) негізгі орта білім (игеру мерзімі-3 жыл: 7, 8, 9 сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (игеру мерзімі - 2 жыл: 10, 11 сыныптар) бойынша жүзеге асырылады.
- Мектепті бітірген сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Сонымен қатар кешкі мектептегі оқу формасы күндізгі және сырттай болып екіге бөлінеді.