ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ
Ұжымды басқарудың оңтайлы әдістерін қолдану нәтижесінде, мектеп ұстаздары қалалық, облыстық, республикалық «Педагогикалық команда-2019», «Жыл мұғалімі», «Үздік оқу ісінің меңгерушісі» кәсіби байқауларының жеңімпаздары болса, 2020-2021 оқу жылында 8 мұғалім, виртуалды білім беру маршруты аясында «Еліміздің үздік педагогтары» эстафетасына цифрлық сабақтарын түсіріп, республика көлемінде іс-тәжірибелері таратылды. 2016-2018 оқу жылдары «Үздік білім беру мекемесі» атты қалалық байқауында 1-орын, «Абай-дана, Абай-дара» қалалық байқауынан 1-орын, облыстық "Үздік Абайтану кабинеті" байқауы - "Үздік оқу- әдістемелік кабинет" номинациясы, облыстық IT-festival «Білім беру ұйымдары арасындағы ең үздік веб-сайт-2019» конкурсынан 1-орын, республикалық «Халықтың музыка дәстүрі» тақырыбында өткізілген ұлт аспаптар байқауында «Мұрагер» домбырашылар оркестрі 1-орын, «Халықтың музыка дәстүрінің өркендеуі» тақырыбында өткізілген ұлт аспаптар ансамбльдері сайысында мектептің «Мұрагер» ансамблі бас жүлде иеленді. «Гүлденген аула» қалалық, облыстық сайысынан 3 жыл қатыранан 1-орын, «Ең үздік безендіру мен үздік ландшафтты дизайн» номинациясын жеңіп алды. «Үздік «Мәңгілік Ел» кабинеті» атты сайыста «Креативті көзкарас номинациясы» бойынша 1-орын, Қала көлеміндегі ғимараттардың қасбетін мерекелік безендіру бойынша 1-орын, 2020 жылы қалалық «Абай әлемін танимыз» мектеп сайты аталымында Бас жүлде иеленді.