ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ
2019-2020 оқу жылында ЖМК аумағында 1000 оқушыға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды. Мектеп құрылысы 11.2017 жылы басталып, пайдалануға 27.08.2019 жылы берілді.
Мектепте қазіргі таңда барлығы 83 сынып, 2047 оқушы білім алуда Мектеп оқушылары қалалық, облыс, республикалық деңгейде пәндік олимпиада және сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленіп отыр. Мектепте 130 жоғары білімді мамандар болса, оның 24 педагог- зерттеуші, педагог-сарапшы 17, 1-санатты 5, педагог-модератор – 38 мұғалім бар және 19 магистр қызмет етеді. 2019 жылдан бастап мектепшілік «Жас толқын» газеті ай сайын жарық көріп отырады.
Мектепте 19 қосымша білім беру курстары өткізіледі. Болашақ мамандық таңдау негізінде оқушыларға таңдау курстары бастауыш сыныптардан басталады.
Қосымша білім курстары техникалық және шығармашылық бағытта жұмыс жасайды. Робототехника, интеллектум-логика, Автомобильдік инжиниринг, бағдарламалау және Web-дизайн, гео-инженирия, сәулет-дизайн, бизнес-аналитика, STEM- зертхана, Speak English, шахмат,
Z зертханасы, Planetaclub, тұрақты дамудың жүйелік динамикасы, Web-ритмика, Web-домбыра, Арт вокал курстарымен мектебіміздің барлық оқушылары қамтамасыз етілген.
2020-2021 оқу жылынан бастап әскери - патриоттық тәрбие беру мақсатында 5 сыныптан бастап «Жас сарбаз» сыныбы ашылды.
Мектептің әр қанаты 4 блокқа бөлінген. 1-қабатта 300 балаға арналған асхана, спорт зал, жаттығу залы, екінші қабатта 320 орындық акт залы, медициналық кабинет, А блогында «Интеллектум» кабинеті, В блогында «Рухани Жаңғыру», «Абайтану», жаңа модификациялы тарих кабинеті,
Д блогында STEM, химия, физика, биология, география, математика кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталып, оқушылардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. 3-қабатта мектеп кітапханасы, «Аманат » мұражайы жұмыс істейді. Мектеп бойынша барлығы: 50 оқу кабинеті, 9 зертхана кабинеті, 3 шеберхана кабинеттері бар. Мектептің сыртқы аумағында үлкен спорт алаңы, баскетбол, футбол алаңдары, мектептің алдыңғы ауласында орындықтар және автокөлік тұрақтары бар.