ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ
Бүгінгі таңда мектебімізде білім алушылар саны - 526. Жұмыскерлер саны – 85, соның ішінде педагогикалық қызметкерлер – 55. Педагогтардың біліктілігі: ІІ санатты директордың орынбасары-1, ІІІ санатты директордың орынбасары-1, педагог-модератор- 8, педагог-сарапшы-5, педагог-зерттеуші-13, жоғарғы санатты-1, екінші санатты-2, санатсыз-22, педагог – 2.
ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» атты жобасы негізінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана модернизациясын жасап, оқулықтары жаңартылды. 2021-2022 оқу жылында мектептің оқу тәрбие жұмысы қорытынды бес жылдық аттестаттаудан өтті. 2022 жылдан бастап Астана қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастыруымен бейінді мектеп жобасы бастамасы мектепке енгізілуіне жұмыс жасалуда. Білім берудегі цифрлық технологиялар — бұл цифрлық технологияларға негізделген заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру тəсілі болып саналады деп көптеген семинарлар ұйымдастырылды. Ұжымды ынтымақтастыққа тарту басты қағида, көптеген семинарлар өткізіліп, барша мекемелермен желілік қатынаста жұмыстар атқарылуда.