ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі» КММ
Мекеме қызметінің мақсаты: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеру негізінде тұлғаның құзіреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.
Мақсатқа жету үшін мекеме келесі міндеттерді орындайды:
1)құзыретті тұлғаны қалыптастыруға мен дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген ғылымның базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны-Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;