МАҚТААРАЛ: СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРДАН 9 303 КУБ.МЕТР СУ ШЫҒАРЫЛДЫ

МАҚТААРАЛ: СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРДАН 9 303 КУБ.МЕТР СУ ШЫҒАРЫЛДЫ

Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елдімекендерінен соңғы тәулікте 536 куб м. су шығарылып, жалпы бүгінгі күнге дейін 9 303 куб м.су шығарылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Өргебас ауылындағы көшелер  тазаланып, автокөлік еркін жүре алатын болды.

Ағын су астында қалған жалпы саны 1030 үйдің 578-і толық судан босатылды, қалған 452 үйді тазарту жұмыстары жүруде.

Соңғы тәуліктегі ақпарат бойынша 16 мал өлексесі су астынан шығып, жалпы саны 924-ке жетті. Оның ішінде 53 бас ірі қара, 871 ұсақ мал бары анықталды.

 

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі