
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланған жиын өтті. Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.