Қоғамдық-саяси сала мониторинг бөлімі
Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімі Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және жоғары тұрған органдардың өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;
2) қала және аудан әкімдерінің, атқарушы органдар басшыларының заңнамалық актілерді іске асыру, білім, мәдениет, спорт, тіл, ішкі саясат және жастар саясаты, дін, гендерлік саясат салаларындағымәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпараттық - талдау дайындайды;
3) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысады, оларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, орындалуына бақылау жасайды;
4) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен және Премьер-МинистрініңКеңсесінен жолданған хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарайды;
5) өз құзыретінің шегінде халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларды, конференцияларды, форумдарды, мәжілістерді, семинарларды, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларын үйлестіреді және оларды дайындау мен өткізуге қатысады;