Жобалық кеңсе және халықаралық байланыстар бөлімі

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • өңірде жобалық басқару жүйесін енгізу және дамыту, ұлттық және өңірлік жобалардың іске асырылуын үйлестіру, мониторингтеу және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың жобалық қызметін үйлестіру, жобалардың орындалу тиімділігіне талдау жүргізу, тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету және жобалық басқарудың ақпараттық жүйелері арқылы бақылауды жүзеге асыру;
  • жобалық басқару саласындағы құзыреттерді дамытуға, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жобалық тәсілдерді енгізуге және жобалардың нәтижелілігін арттыруға бағытталған қызметтерді ұйымдастыру;
  • құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін үйлестіруге қатысу.