Құрылым
Келес аудандық мәслихатының аппараты
Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихатының төрағасы:
Шаулиев Нуржан БурлибаевичТелефон:
+77253231615Сауран аудандық мәслихатының аппараты
Құрметті сайтты пайдаланушылар!
Сауран аудандық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сайт беттерінде депутаттық корпустың және Қоғамдық кеңестің қызметі, жұмыс жоспарлары, аудандық мәслихаттың сессиялары мен отырыстарындағы сұрақтар және олардың қабылдаған шешімдері жайлы ақпарат ала аласыздар.
Пайдаланушылармен тығыз байланыс орнату үшін онлайн-қабылдау айдарын ашу жоспарлануда. Ол арқылы сіздер мәслихат аппаратына, депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелеріне кез-келген сұрақтар мен жолдауларыңызды, пікірлер мен ұсыныстарыңызды жіберіп, қабылдауға жазыла аласыздар.
Қазіргі уақытта жергілікті өкілді органдардың құзыреті айтарлықтай кеңейді, ол жергілікті өзін-өзі басқаруды ойдағыдай дамытуға және кез-келген Қазақстан азаматының мемлекетті басқаруға белсенді қатысуға және жергілікті деңгейдегі проблемаларды шешуге араласуына мүмкіндік береді.
Біздің сайт аудандық мәслихат депутаттарының халықпен ынтымақтастық пен өзара іс-әрекетті дамытуға толық көлемде ықпал ететініне сенімдіміз.
Мәслихатының төрағасы:
Байсбаев Сержан ЕрмекбаевичТелефон:
87077623737Электрондық пошта:
s.baisbaev@ontustik.gov.kz