Жиі қойылатын сұрақтар
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің (Қазақстан 2005 жылғы 21 қарашада ратификациялаған) ережелерімен біздің мемлекет әр адамның өз еркiмен таңдап алған немесе өз еркiмен келiскен еңбегімен күнкөрiс жасау мүмкiндiгi құқығын қамтитын еңбек етуге құқығын мойындайды (6-бап), және әркiмнiң әділетті және қолайлы еңбек жағдайына ие болу құқығын таниды (7-бап).
Бұл құқық құндылығы бiрдей еңбектерi үшiн ешбiр айырмашылықсыз әдiл жалақы мен бiрдей сыйақы алуды; қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайды; еңбек өтiлi мен бiлiктiлiгiнiң негiзiнде ғана жұмыста тиiстi жоғары сатыларға көтерiлуi үшiн бәрiне бiрдей мүмкiндiк берiлуiн; тынығу, бос уақыт және жұмыс уақытының орынды шектелуi, мерзiмдi ақылы еңбек демалысы, сонымен қатар, мереке күндерiнде iстеген жұмысы үшiн сыйақы алу құқықтарын қамтиды.
Біздің еліміздің Конституциясыменде жоғарыда аталған құқықтар әркімнің бәріне бекітілген (24-бап).
Еңбек даулары туындаған кезде (жалақының кешігуі, демалыстың берілмеуі, заңмен белгіленген демалыс күндерінің берілмеуі, өтемақы мен басқа да төлемдердің төленбеуі, заңсыз жұмыстан босату, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуы, жазатайым оқиғалар және т.б.) еңбек заңнамасын басшылыққа алу қажет.
Еңбек кодексінде еңбек заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі адамдардың заңдарға сәйкес жауап беретіндігі бекітілген (14-бап).
Осыған байланысты еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды аумақтық мемлекеттік еңбек инспекциясы жүзеге асырады (байланыс деректерін ЕХӘҚМ сайтында көруге болады).
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін құқықтары бұзылған өтініш беруші өзінің уәждерін, бұзушылықтың нақты мәнін, жұмыс берушінің мекен-жайы мен атауын көрсете отырып және дәлелдеме бола алатын қосымша құжаттар болған кезде өздігінен немесе сенім білдірілген адам арқылы мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы.
Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізіледі (144-бап). Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықты растау анықталған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.
Сонымен бірге, біздің еліміздің заңнамасы өз азаматтары үшін жеткілікті құқықтық қорғау құралдарын қамтамасыз етеді және жұмыс берушінің және еңбек саласындағы уәкілетті органның әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда өтініш беруші сотқа тиісті талап-арызбен жүгінуге құқылы.
Бұдан басқа, Еңбек кодексінде жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды деп көрсетілген (159-бап).
Егер сіздің еңбек құқықтарыңыз бұзылған болса, оларды қорғаудың жоғарыда аталған әдістерін қолданыңыз.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерімен (Қазақстан 2005 жылғы 21 қарашада ратификациялаған) біздің мемлекет әркiмнiң өзi және отбасының жеткіліктi тамақтануын, киiмi мен баспанасын қамтитын, жеткiлiкті тұрмыс деңгейiнде өмiр сүру және тұрмыс жағдайын үнемi жақсарту құқығын таниды (11-бап).
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалуда. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап).
Тұрғын үй мәселелерінің нормалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда және басқа да заңға тәуелді актілерде айқындалған.
2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаждарды кезекке қою шарттары өзгерді. Бұған дейін егер белгілі бір санаттарда ғана жеңілдіктер пайдалану мүмкіндігі болса, қазір соңғы 5 жылда меншік құқығында тұрғын үйі жоқ Қазақстанның кез келген азаматы тұрғын үйге мұқтаждардың кезегіне тұруға құқылы.
Осылайша, бұл өзгерістер біздің азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріндегі көзқарасты айтарлықтай өзгертеді. Енді кезекте тұрған әрбір азамат ең төменгі жылдық пайызбен жеңілдікті ипотекалық бағдарламаларды пайдалана алады.
Сонымен қатар, мемлекет кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну, жалға берілетін тұрғын үй төлемдерін субсидиялау және тұрғын үй сертификаттарын беру сияқты тағы да басқа қолдау шараларын ұсынады.
Толығырақ ақпарат алу үшін Отбасы банкіне хабарласуға немесе https://orken.otbasybank.kz/ сайттан көруге болады.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактімен (Қазақстан 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған) біздің мемлекет осы Пактіде танылған құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез келген адамға құқықтық қорғаудың тиімді құралын қамтамасыз етуге міндеттенді (2-бап).
Конституциямызбен әркімге өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығына кепілдік берілген (13-бап).
Азаматтық процестік кодекске (АПК) сәйкес азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды және шешеді (23-бап).
Соттың бірінші сатысындағы сот актілерімен келіспеген жағдайда заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық тәртіппен апелляциялық өтінішхат әкелуі мүмкін. Бұл құқық тараптарға, іске қатысатын басқа адамдарға тиесілі (401-бап).
Шағымданудың өткізіп алған мерзімдерін бірінші сатыдағы сот дәлелді себептер болған кезде қалпына келтіре алады (126-бап).
Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.
Апелляциялық сатыдан кейін күшіне енген сот актілері кассациялық тәртіппен қаралуы мүмкін (434-бап).
Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарына, қаулыларына кассациялық шағым, наразылық олар заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.
АПК-нің 454-1-бабында көзделген айрықша негіздер болған кезде өтініш беруші өзі келіспейтін сот актісін қайта қарау туралы ұсыныс не наразылық енгізу туралы өтінішхатпен Жоғарғы Сотқа не Бас прокуратураға жүгінуге құқылы.
Өтініш берушілердің назарын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандаты сот төрелігін іске асыру жөніндегі процестерге араласуға және тараптар мәлімдеген дәлелдемелерді бағалауға мүмкіндік бермейтініне аударамын. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 1-бабында бұған тікелей тыйым салынады және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазіргі әлемде өлім жазасы адамның негізгі құқықтарына қайшы келетін жаза түрі ретінде қарастырылуда. Ол гуманизм мен әділеттілік принциптеріне сәйкес келмейтін қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және адамның қадір-қасиетін төмендететін шара ретінде танылды.
Өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады және мемлекет әр адам үшін осы құқықты қамтамасыз ету және қорғау міндетін атқарады. Ел Конституциясында өлім жазасын жоюды бекіту – бұл заңды қадам ғана емес, сонымен бірге адам өміріне деген құрмет пен әділеттіліктің адамгершілік жүйесіне деген ұмтылысты көрсететін маңызды символдық әрекет.
2021 жылы Қазақстан өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Бұл құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылы желтоқсанда қабылдады және оны ратификациялау адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау жолындағы маңызды қадам болды.
Маңыздысы, өлім жазасының болуы қылмыс деңгейін төмендетуде тиімділігі дәлелденбеген. Керісінше, қылмыстың алдын алуға, әділ сот төрелігіне және құқық бұзушыларды оңалтуға баса назар аудару керек.
Хаттама ратификацияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі оның ережелеріне сәйкес келтірілді – өлім жазасы қылмыстық заңнамадан толығымен алынып тасталды. Осылайша, конституциялық деңгейде ел өмір сүру құқығын қорғаудың құқықтық негізін нығайта отырып, гуманизм қағидаттарына берілгендігін тіркеді.
Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік – бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық азаматтық және саяси құқықтарды, сондай-ақ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды ерлер мен әйелдердің тең пайдалануына кепілдік беретін қағидат.
Ешкiмдi тегiне, әлеуметтiк жағдайына, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнiне, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген басқа жағдаяттар бойынша кемсiтуге болмайды (Конституцияның 14-бабы).
Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ету болып табылады («Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңның 3-бабы).
Кемсітушілікке тыйым салу Конституцияның 14-бабында және басқа заңдарда бекітілген заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидасынан туындайды. Бұл негізгі қағида халықаралық құқық нормаларына, атап айтқанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2, 26-баптарына сәйкес келеді.
Кез-келген кемсітушілікке заңмен тыйым салынуы керек, заң барлық адамдарға қандай да бір негізде, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тууына немесе басқа жағдайына байланысты кемсітушілікке қарсы тең және тиімді қорғауға кепілдік беруі керек (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабы, Азаматтық және саяси туралы халықаралық пактінің 26-бабы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабы).
Еңбек және білім саласындағы әйелдерге қатысты нәсілдік кемсітушілікке, кемсітушілікке қатысты жекелеген ережелер Қазақстанның 1998 жылғы 29 маусымдағы №245 заңымен қосылған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияда, Қазақстанның 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248 Заңымен қосылған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияда, 2001 жылғы
4 шілдедегі № 220 заңымен ратификацияланған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасында жарияланған.
Конституция тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша кемсітуге тыйым салады (14-баптың 2-тармағы).
Иә. Ұлттық орталық адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша өңірлік және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Жоқ. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың қызметіне араласуға жол бермей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
Жоқ. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне араласуға жол бермей, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдем көрсетеді.
Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу қағидаларының 2-тармағына сәйкес конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар мемлекеттік орган өткізеді.
Осылайша, мемлекеттік орган бос лауазымға конкурс жариялау туралы шешімді дербес қабылдайды.
жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландырулар Агенттіктің іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталында орналастырылады.