ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Лотерея операторын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен «Лотерея операторын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жобамен Лотерея операторын айқындау қағидаларын бекіту көзделеді.
Жоба «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-2) тармақшасы және «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 163-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және лотерея операторын айқындаудың тәртібін орнатуға бағытталған.
Жоба 2024 жылғы 3 желтоқсанда жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15324184 сілтеме бойынша орналастырылды.