Жалпы ақпарат

Тұрғанбаев Әділет Ерболатұлы
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Министрліктің ведомствосы.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.