Пресс-релиз: «Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

«Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Жоба бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау тәртібің және оған қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге бағытталған.
Жоба 2024 жылғы 29 қарашада жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15318136 сілтеме бойынша орналастырылды.