Пресс-релиз: Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Пресс-релиз: Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы)
20-тармағына сәйкес 2026 жылғы 5 қаңтарда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі реттеуші құралдар бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды:

- белгілі бір уақыт кезеңінде лотереяның бір қатысушысына өткізілуі мүмкін электрондық лотерея билеттерінің лездік лотереялар саны лотереяларды өткізу қағидаларында белгілеу;

- электрондық лотерея билеттерін пайдалана отырып өткізілетін тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны лотереяларды өткізу қағидаларында белгіленген уақыт шегінде және интервалдарда өткізілуді көздейтін норманы белгілеу;

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында көзделген лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу.

РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2026 жылғы 5-8 қаңтар аралығында «on-line» режимінде өтеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 5 қаңтарда сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.