Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес ү.ж. 11 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі реттеушілік құралдар:
- ойын бизнесін ұйымдастырушының банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банк шоттары бойынша есептілікті және (немесе) ақшаның болуы мен қозғалысы туралы анықтаманы ұсынбағаны, уақтылы немесе толық ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту;
- байланыс операторларының халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына электрондық казиноның, интернет-казиноның жарнамасын, сондай-ақ құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің жарнамасын қамтитын мәтіндік хабарлар жіберу бойынша қызметтер көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылды.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау ү.ж. 11 мен 15 шілде аралығында «on-line» режимінде өтеді.
Сонымен қатар, ү.ж. 11 шілдеде сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.